«Жас маман, ауылың сені күтеді!» деген тақырыпта жарыссөз өтті - Қарағанды облысы

АҒАНДЫ. Қазанның  31-і.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   Қарағанды  облысының  Бұқар жырау     атындағы  ауданында  «Жас маман,   туған  ауылың сені күтеді!» деген тақырыпта  жарыссөз өткізілді. Бұл шараны   ауданның  жастармен жұмыс жөніндегі  орталығы    ұйымдастырды.
None
None

Жарыссөз  қазақ тілінде  өтті   және оған    мектеп оқушылары,  мемлекеттік  қызметкерлер және    бюджет саласының  өкілдері    қатысты. 

Жарыссөзге арқау  болған  мәселе  өзекті  проблемалардың бірі, себебі    ауылда   қазірдің  өзінде ауыл шаруашылығы  мамандары   жетіспей  отыр, ал   алдағы  жылдары     ол    сұраныс    артпаса, азаймайды,  дейді     Бұқар жырау ауданы  ауыл шаруашылығы бөлімінің   бастығы  Манат Құрманғалиев.

«Мемлекет  ауыл шаруашылығына мақсатты  қолдау көрсетіп келеді.   Назар аударыңыздаршы,   елдің  азық-түліктік қауіпсіздігі   әрқашан  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың,   ел Үкіметінің бақылауында. Ауылды өркендетудің   мемлекеттік  бағдарламасы     тұрақты кеңейтіліп,    дамытылып  келеді»,- дейді  шенеунік.

Жергілікті әкімдіктің  мәліметтері  бойынша,  қазіргі уақытта   ауданға     денсаулық сақтау,  білім беру, мәдениет және спорт  саласының 115  жас маманы келіп  отыр.  Оларға   70 айлық есептік көрсеткіш есебі  бойынша  бірреттік    демеуқаржы    төленуде.

Соңғы жаңалықтар