«Жас Отан» өңірлердегі жастармен жұмысын күшейтпек

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанаты өңірлердегі жастармен жұмысын күшейтуге ден қоймақ. Бұл туралы бүгін «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Нұрлан Сыздықов орталық кеңес отырысында мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, бұған дейін өңірлердегі жастар қанатының атқарушы хатшылары осы лауазымдарын басқа қызметтермен қоса атқарып келген. Ал ендігі уақытта олар «Жас Отан» бағыттары бойынша жұмыстарға уақыт бөліп, ерекше назар аударатын болады.

«Бүгінде партия басшылығы шешім қабылдады және 2013 жылдың 1 сәуірінен 14 облыс пен Алматы, Астана қалаларының атқарушы хатшылары штаттық қызметкер болып тіркелді. Егерде олар бұған дейін өздерінің атқарушы хатшы лауазымдарын қосымша жұмыстармен бірге атқарса, енді одан босатылып, жастар қанатында толыққанды жұмыс істейтін болады», - деді Н.Сыздықов.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы жылдары аудандық және қалалық атқарушы хатшыларға штаттық бірлік бөлу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, билік партиясының жастар қанаты мүшелері бүгінде 200 мыңнан астам адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар