«Жас Отан» жастар қанаты кеңестік пионер ұйымдары тәрізді бірлестіктер құрмақ
«Біз қазір «Нұр Отан» партиясы ретінде «Жас Отан» қанатына үлкен көңіл бөліп отырмыз, ондағы мақсатымыз - 6 жастан 10 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалардың бір тобын, шамамен 10 мен 15 жастағы балалар арасында екінші топ құрып, бірлестікке біріктірмекпіз», - деді журналистерге берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұхтар Еркетаев.
Оның айтуынша, бұл бірлестіктер бұған дейін ұмытылып келген кеңестік октябряттар мен пионерлер тәрізді болмақ. М.Еркетаевтың пікірінше, мұнда тұрған ештеңе жоқ.
Ол қазір қазақстандық жастар арасында патриоттық сезім өсіп келе жатқанын және олардың саясатқа ден қойып отырғанын атап өтті. Бұған жақында өткен президенттік сайлау дәлел бола алады, дауыс беруге жастар белсенділікпен қатысты.
Бұдан басқа, «Жас Отан» жастар қанаты жас отбасыларын да назардан тыс қалдырмайды. Жастар көшбасшылары оларды саяси тәрбиелеудегі кемшліктердің орнын толтырмақ.