Жас техниктер форумының жүлдегерлері жоғары оқу орындарында оқуға сертификаттар алды - Павлодар

ВЛОДАР. 14 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мектебінің түлегі Олег Мартусин Павлодардың педагогикалық институтында «Физика» мамандығы бойынша тегін білім алу құқығына ие болды, деп хабарлады білім басқармасы.
None
None

Салтанатты жағдайда сертификатты оған ПМПИ ректоры Нұрғали Аршабеков табыс етті.

Олег - өткен аптада Павлодарда мәресіне жеткен жас техниктердің республикалық форумының жеңімпаздарының бірі. Онда Қазақстанның 13 облысынан 129 оқушының авторлық жұмыстары қойылды.

Тағы бір жеңімпаз, павлодарлық оқушы Назифа Бақтыбаева Павлодар мемлекеттік университетінде білім алуға грант алды. Жалпы алғанда жеңімпаздар саны жетеу болды.

Соңғы жаңалықтар