Жасөспірімдер арасында бокстан өткен еліміздің оңтүстік-батыс аймақтық чемпионатында оңтүстікқазақстандықтар топ жарды

ОРАЛ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында жасөспірімдер арасында бокстан өткен еліміздің оңтүстік-батыс аймақтық біріншілігіне Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарынан 14-15 жастағы 171 былғары қолғап шебері қатысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш сайыста ақтөбеліктерден басқа командалардың бәрі алтын жүлдеге қол жеткізді. Соның ішінде оңтүстікқазақстандықтар төрт салмақ дәрежесінде топ жарды. Шаршы алаң иелерінен Бақытжан Қонарбаев ерекше көзге түсіп, чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар