Жасөспірімді ұрлап, ақша бопсалаған қылмыскерлер қолға түсті - ІІМ

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспірімді ұрлап ірі көлемде ақша талап ету қылмысын ашты.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, 29 ақпанда Тараз қаласының полиция қызметкерлеріне Алматы мен Тараз қалаларындағы бірнеше азық-түлік дүкендерінің иесі - жеке кәсіпкер азамат қала мектептерінің бірінде оқитын 15 жастағы баласының мектептен қайтып оралмай, жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Кейін әкесі бейтаныс біреулердің баласын алып кетіп, оны босату үшін 1 млн. теңге талап еткенін айтқан.

«Осы іс бойынша арнайы жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында  қылмыскерлер талап еткен қаржыны алу үстінде 55 және 63 жас аралығындағы 3 жергілікті тұрғын қолға түсті. Ал, қаланың орталығында жалға алынған пәтерде заңсыз ұсталған кәмелетке толмаған жасөспірім босатылып, ата-анасына берілді. Осы оқиға бойынша адам ұрлады және бопсалады деген айыптау бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Н. Ораз. 

Соңғы жаңалықтар