Жастар арасындағы футбол ойындарында «Ақжайық» алдыңғы орында келеді

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, 1996 жылғы жастар арасында өткен жарысқа «Ақжайық», «Қайрат» (Алматы), «Ертіс» (Павлодар), «Восток» (Өскемен) командалары қатысты. Бесінші тур қорытындысында «Ақжайықтан» кейін «Қайрат» екінші, «Ертіс» үшінші орынды еншіледі.
Сондай-ақ футбол орталықтары мен академияларының 1996 жылғы жастар командалары арасында ҚР біріншілігінің іріктеу кезеңінен кейін Оралдың «Ақжайығы» Қарағандының «Шахтерінен» үш ұпайға ғана қалып, екінші орында келеді. Енді оралдықтар біріншіліктің финалдық ойындарына қатысады.
Бұл күндері Оралда 2001 жылғы ойыншылардан құралған бірінші лига командалары арасында ҚР біріншілігінің де ойындары өтуде. 24 тамызға дейін болатын жарыста «Ақжайық», «Каспий» (Ақтау), «Мақтаарал» (ОҚО), «Қыран» (Шымкент) командалары бақ сынауда.