Жастар Елбасы Жолдауын талқылады - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында Оңтүстік Қазақстан медицина колледжінде насихаттық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің сайты.
None
None

«Шымкент жастары» КММ қызметкерлері мен аталған оқу орнының ұстаздары және студенттер қатысты. Шарада болашақ елдің тұтқасы - жастардың әрбір тарихи жағдайға баса мән беріп, тереңдей түсінікке бойлау, тек тыңдау арқылы ғана емес шынайы іс жүзінде жүзеге асыру, озық идеялы жастың ғана ертеңі біліммен еңселі екендігі жайлы айтылды. «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясатындағы басым бағыттарға тоқталған Оңтүстік Қазақстан медицина колледжінің оқытушысы А.Наушабаева Жолдау арқылы әрбір ел азаматына бағыт-бағдар көрсетілгені, соған күш қосып, атсалысу азаматтық парыз екендігіне тоқталып өтті. Жиынға қатысқан жастар да өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар