08:28, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
«Жастар инновацияны қолдайды» - Павлодардағы студенттер форумы
ПАВЛОДАР. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Жастар инновацияны қолдайды» деген тақырыпта өткен жастар форумына қатысушылар Елбасы Жолдауындағы жастарға жүктелген міндеттерді талқылады.
«Кәсіпорындарда жастарды жаңа технологиялар, заманауи экономиканы игеру міндеттері күтіп тұр. Қазақстандықтар жақсы білім алулары керек, осы мақсатта республикада үлкен ғылыми орталықтар құрылуда, дарынды жас ғалымдарға сұраныс үлкен», деді форумда сөз сөйлеген Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын.
Пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша үздік білім көрсеткен студенттерге аталмыш форумда мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді.