Жастар ісі жөніндегі кеңесте жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқосу барысында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанаты, жастар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің белсенділері, облыстық басқармалар, жоғары және арнаулы оқу орындары жетекшілері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде ой қозғап, жастар ісін жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Алдағы уақытта Елбасының тапсырысына орай «Жасыл ел» қозғалысын өрістетіп, «Ауылға - дипломмен» бастамасын жалғастыру жайы тілге тиек етілді. Өткен жылы көпшілік қолдауына ие болған «Жасыл күн», «Менің атаулы ағашым», «Жасыл Ақмола» бастамаларын өрістету қажеттігі атап көрсетілді. Сонымен бірге жастар арасында саясаи-патриоттық тәрбие өрісін кеңейтіп, нақтылы жұмыс шешімін табуға байланысты шешім қабылданды.