«Жастар Отанға» стратегиясы бүкіл Қазақстан жастары үшін жаңаша бағыт бағдарды белгілейді - Б. Сағынтаев
Оның барысында «Жастар-Отанға» атты 2020 жылға дейінгі стратегия жобасы талқыланды.
Еске сала кетсек, «Жас Отанның» жаңа стратегия жобасы - бұл ұзақмерзімдік мақсаттарды жай ғана мәлімдеу емес, бұл ең алдымен елді жаңғыртуға байланысты барлық міндеттерді іске асыру үшін жастарға арналған іс-әрекеттер бағдары. Бұл ретте стратегияның негізгі бағыттары мен басымдықтары мемлекетіміздің басты құжаттарымен, атап айтқанда, 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасымен тығыз үйлескен. Сондай-ақ, Елбасының бәсекеге қабілетті ұлт туралы бастамасын қолдай отырып, «Жасотандықтар» жаңа стратегияда адами капиталды дамыту, сапалы білім беру, кәсіби өсім және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріне баса көңіл бөлетін болады.
«Ертең өткізілетін Жастар қанатының ІІ съезі барысында 2020 жылға дейінгі «Жастар - Отанға» стартегиясы қабылданады деп күтіледі. Бұл сан-саланы қамтыған салмағы жоғары саяси құжат еліміздің барша жастары үшін жаңаша бағыт бағдарды белгілейді. Мұндай маңызды оқиғаның ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында өтуінің символикалық мәні терең. Себебі бүкіл елдің жастар қозғалысының қуатты орталығына айналған «Жас Отан» Жастар қанатын құру - Елбасының бастамасы», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.