«Жастар - Отанға!» стратегиясы қабылданды

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат -  Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында «Жастар - Отанға!» атты 2020 жылға дейінгі стратегиясы қабылданды.
None
None

Жиын барысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Еске сала кетейік, 2020 жылға дейінгі Жастар стратегиясының жобасы бұған дейін еліміздің барлық аймақтарында ауқымды талқылаудан өткен болатын. Оған әрбір қалаған ел азаматы өз ұсыныстарын беріп, талқылауға қатысуға кең мүмкіндік алды. Ондай өңірлерден келіп түскен ұсыныстардың басым бөлігі аталған құжатқа қабылданды да. Соның нәтижесінде «Жас Отан» жастар қанатының Іс-қимыл стратегиясының жобасында қызметтің 11 басты бағыты айқындалған. Оның ішінде басты факторлар ретінде сапалы білім, еңбек жастардың әлеуметтік бейімделуі, мәдени даму және бірлік, жастар кәсіпкерлігін дамыту, ғылымды дамыту, волонтерлік қозғалыс және тағы басқалары белгіленген.

Соған орай, жастар өздерінің болашақтағы басты құжаты  «Жастар - Отанға!» деп аталатын 2020 жылға дейінгі стратегиясын талқылау үшін Астанаға «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезіне жиналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 110-нан астам делегат бас қосқан съезге Мемлекет басшысы да қатысты.

«Жаңа Стратегия  біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымызды мәлімдеу ғана емес, ауқымды жаңғырту міндеттерін іске асыру бойынша іс-әрекеттерге басшылық болып табылады», - делінген құжатта. «Жастар - Отанға!» 2020 стратегиясы 6 бөлімнен тұрады.

Соңғы жаңалықтар