«Жастар - Отанға!» стратегиясының негізгі бағыты - мемлекет игілігі үшін жастарды нақты істерге жұмылдыру - Н. Сыдықов
«Бүгінге дейін біздің еліміздің түкпір-түпірінде ел жастарының болашағына қатысты мәселені айқындауға барлық дерлік қазақстандық жастар атсалысты. Соған орай, біздің стратегия жаңа міндеттерді алдыға жүктеп, жаңа мақсаттарды қоятын уақыт үдесінен туындап отыр. Стратегияның негізгі бағыты - мемлекет игілігі үшін жастарды нақты істерге жұмылдыру. Онда біз жас ұрпақты барлық проблемаларды мемлекет шешіп береді деп қол қусырып отырмауға, керісінше өз бетінше шешім жолдарын іздеуге шақырамыз», - деді Жастар қанатының атқарушы хатшысы.
Сонымен қатар Н. Сыдықов Абайдың «Адамда әрбір нәрсеге қызығушылық, білмекке құмарлық» деген сөзі бар екенін, сондықтан әр уақытта білімге құштар бола отырып, бірлікті нығайтудың маңызын атап өтті. «Стратегияның көздеген мақсаты - жастар ұйымдарымен біріге отырып, үлкен жетістіктерге жету. Сол кезде ғана біз ел үмітін, Елбасы сенімін ақтайтын боламыз. Олай болса, біз бүгіннен бастап жаңа өмірге қадам жасамақпыз», - деді ол.