«Жастар туралы» заңға өзгеріс енгізу керек - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарушы директоры

АЛМАТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Жас кәсіпкерлер 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатына өзгерістер енгізуге дайындалуда.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігін дамытуды мемлекеттік қолдау» жайын қозғаған дөңгелек үстел жиынында айтылды.

«Аталмыш шара жастар кәсіпкерлігіне бөгет болатын мәселелерді анықтап, шешуге арналған. Қазіргі таңда ең негізгі мәселе - «жастар кәсіпкерлігі» түсінігіне заңдық тұрғыдан анықтама берілмеуі. Сондықтан арнайы бағдарлама да жоқ», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарушы директоры Ғабит Лесбеков. Жастар арасында жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, қазір олардың көбі мемлекеттік органдарда, түрлі компанияларда, банктерде жұмыс істегісі келеді. Ал жеке ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ынталылар өте аз. «Сондықтан оларды кәсіпкерлікке баулу керек. Бұл үшін «жастар кәсіпкерлігінің» мәртебесін заңдық тұрғыдан анықтау қажет»,-дейді Ғабит Лесбеков.

Соңғы жаңалықтар