Жастарды еңбекпен қамту қылмыстың алдын-алу әдістерінің бірі ? ОҚО

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат департаменті Шымкентте студенттердің полиция және прокуратура өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жиналғандар жастар арасында қылмыстың өсу себептерін талқылады. Полиция қызметкерлері ұрлыққа, тонауға және басқа да қылмыстарға жастардың, кей жағдайларда жасы кәмелетке толмағандардың қатысатындығын жиі атайды. Кейінгі кездері ауылдық жерлерден шыққан жастардың құқықтық тәртіп бұзушылыққа баратыны жиілеп кеткен. Оған ? дағдарыстың себеп болып отырғанын тілге тиек етеді құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жастар белсенділері. Дәмханалардың, дүкендердің және басқа да шағын бизнес кәсіпорындарының жабылуынан ауыл жастары жұмыссыз қалды. Соның салдарынан олар ішімдікке, есірткіге бой алдырып, қылмыс жасауға дейін барады. Заң қызметкерлері жастардың қылмысқа баруын азайтудың бірден-бір тәсілі ? оларды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру деп санайды.
Соңғы жаңалықтар