10:41, 21 Тамыз 2010 | GMT +5
«Жастардың еңбек биржасы» бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесін өткізді - Павлодар
ПАВЛОДАР. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық «Жастардың еңбек биржасы» бос жұмыс орындарының шағын жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Бос жұмыс орын іздеуші жастармен жұмыс берушілер - трамвай басқармасының, «Бинго+» ЖШС-нің, «Ай би» заңгерлік фирмасының, «Павлодар жылжымайтын мүлік» және «Риэлти КZ» агенттіктерінің, басқа да кәсіпорындардың өкілдері кездесті.
Жәрмеңке елуге жуық жас маманға тұрақты жұмыс орын табуға көмектесті.