Жастардың үгіт-насихат тобы Елбасының Жолдауын кеңінен насихаттауға атсалысты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жас үгітшілер екі апта бойы өңірдің тоғыз ауданындағы ауылдарда, еңбек ұжымдарында, жастар ортасында, білім ошақтарында жылы шырайлы кездесулер өткізіп, Жолдаудың басым бағыттары, оның әлеуметтік негізделгендігі турасында пікір алмасты. Жалпы мазмұнды жүздесулерге екі жарым мыңнан астам адам қатысқан. Топ құрамында облыс орталығындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен педагогтары, пікір сайысшылар клубтарының мүшелері, жастар қозғалыстары мен бірлестіктерінің өкілдері, көңілділер мен тапқырлар клубының белсенділері, «Нұр Отан» ХДП «Жастар қанатының» өкілдері өз міндеттерін мінсіз атқарып оралды. Іс-шара аясында «Жастар болашаққа сеніммен қарайды», «Жас Отан» - дипломмен ауылға», «Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қалыптасуы мен дамуы», «Шыныққан, салауатты жастарды дайындау парыз» сынды сан алуан тақырыптарды қамтып, ой бөлісті.