Жастары жүректі, жігерлі елдің болашағы қашанда жарқын - Д.Жүсіпқалиева, БҚО

 ОРАЛ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Жастары жүректі, жігерлі елдің болашағы қашанда жарқын болары белгілі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезіне қатысып қайтқан «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының жобалар бойынша менеджері Дария Жүсіпқалиева мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, жастар қоғамдағы әр саланың көшін бастауға ұмтылуы қажет. Съезде қозғалған мәселенің бастысы «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға арналған «Жастар - Отанға!» стратегиясының қабылдануы болды. Әр саланы қамтыған салмақты құжаттың жобасы еліміздің әр түкпірінде жастар арасында қызу талқыланып, ұсыныстар айтылды. Қазақстан жастары білім, ғылым, еңбек, денсаулық, жастар кәсіпкерлігін дамытып, жас отбасыларды қолдау бойынша шараларға баса назар аударуы тиіс. Стратегия жастар мәселесіне қатысты он бір бағытты қамтып, «жасотандықтардың» келешекке жоспарларын белгіледі. Съезд ұранында айтылғандай, әрбір жас армандай отырып, мақсатына жету жолында аянбай еңбек етер болса, ол ертеңгі күнге деген зор сенімді ұялатары сөзсіз.

«Жас Отан» жастар қанаты еліміздегі жастар саясатын өркендетудегі қуатты күш саналады. Елбасының бағдарлы бағыты мен салиқалы саясатын үнемі қолдайтын мыңдаған жас буын Сарыарқа велотрегіне жиналып, Елбасымен бетпе-бет жүздесуге мүмкіндік алған болса, күллі қазақ жұрты көгілдір экран арқылы мемлекет басшысының аталық өсиеті мен әкелік қамқор сөздерін тыңдады. «Мемлекет маған не береді демей, мен мемлекет үшін не істей аламын?» сұрағы әрбір жастың санасында болуы тиіс. Жиында сөз алған Елбасы съезге қатысушыларға осындай үндеу тастады. Өр арынды, жалын жүректі жастардың басын біріктірген бұл шараға Батыс Қазақстан облысының делегаттары мен шақырулы қонақтары да қатысты. Батысқазақстандықтардың көшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, «Нұр Отан» ХДП БҚОФ төрағасының бірінші орынбсары Кенжебай Нығмет, БҚО ішкі саясат басқармасының бастығы Марат Тоқжанов бастап барды. Алқалы жиынға қатысқандардың барлығы да съезден үлкен әсер алып, болашаққа деген нық сеніммен елге оралды. Елбасы тағы бірде: «Қазақстан халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналды. Бір буын ауыспай-ақ, мүлдем басқа си­пат­тағы жаңа ұлт, жаңа ел болдық. Күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетпіз. Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте бола салған жоқ. Жиырма жылда екі ғасырға татитын еңбек сіңіргендіктен ғана қос ғасырға бергісіз табысқа жеттік. Бұл та­быс­қа күллі қазақстандықтардың, оның ішінде, біздің жаста­ры­мыз­дың қосқан үлесі орасан зор» дей отырып, жастардың бойына мақтаныш сезімін ұялатты.

«Әлем мойындаған көшбасшысы мен оның соңынан ерген жасампаз жастары барда қазақ елінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларына шүбәсіз сенеміз», деп түйіндеді ойын Д.Жүсіпқалиева.

Соңғы жаңалықтар