«Жасыл ел», студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары абаттандыру, құрылыс жұмыстарына белсене қатысатын болады

ОРАЛ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жасыл ел», студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары абаттандыру, құрылыс жұмыстарына белсене қатысатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жасылелдіктер» қатарында 750 адам еңбек ететін болса, осының тең жартысынан астамы ? аудан, ауыл тұрғындары. Олар ағаштарды баптап-күтумен, арамшөп отау, өздеріне бекітілген аумақты тазартумен айналысады. Мәселен, облыс орталығында қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Орал-Ақтөбе бағытында әуежайға дейінгі жол бойында абаттандыру жұмыстары атқарылмақ. «Жасыл ел» жасағы мүшелерінің еңбекақысы 25 пайызға өсіп, 37 мың теңгеге жетті. Мұның 60 пайызын жергілікті, қалғанын республикалық бюджет қаржыландырады. Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары Зеленов, Жаңақала, Сырым аудандары мен Орал қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарда еңбек етпек. Айталық, олардың бірқатары Оралдың «Солтүстік-шығыс» ықшам ауданында салынып жатқан тоғыз қабатты жатақхана құрылысына қатыспақ. Барлығы он ұйым-жұмыс беруші анықталды. Үшінші еңбек семестрі кезінде олар 700-ден астам студенттер мен жастарды жұмыспен қамтамасыз етпекші. Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары облыстық штабының жетекшісі Әлібек Сүндетовтің айтуынша, олардың жалақысы 30-40 мың теңгені құрамақ. Сонымен бірге жұмыс көлеміне қарай 60-70 мың теңге табыс табуы әбден мүмкін. Биыл студенттік құрылыс жасақтарының құрылғанына 50 жыл толып отыр.
Соңғы жаңалықтар