?Жасыл ел? жасағының мүшелері жорыққа аттанды

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылордадағы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті атындағы саябақта "Жасыл ел" жасақтарының 2009 жылғы еңбек семестріне аттану рәсімі өтті.
None
None
Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов сарбаздарға сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Биыл да бағдарлама шеңберінде облыс орталығы мен аудандар бойынша 750 жұмыссыз жастар мен студенттерді жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Аудандарда "Жасыл ел" сарбаздары аудандық ішкі саясат және жұмыспен қамту бөлімдері арқылы жұмыссыз жастардан жасақталады. Ал Қызылорда қаласында жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құрылған жасақтар қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарымен бірлесе отырып, "Көркейту" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Зеленстрой" және "Тасбөгет тазалық сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен басқа мекемелерде маусым айынан бастап жұмысқа кірісіп кетті."Жасыл ел" сарбаздары саябақтар мен питомниктерде тал егу, жасыл желекке күтім жасау, саябақтар мен су құбырларын тазалау, газондар мен гүлзарлар отырғызу, қоршауларды жөндеу және жаңа қоршаулар жасау жұмыстарын атқарады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум