«Жасыл орман» шипажай әкімшілігі Қарашілік мектебін қолқанатына алды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шипажай директоры Дүйсенбек Аманжоловтың айтуынша, қазірдің өзінде екі жақты келісімге орай білім ошағының 25 бүлдіршіні емдеу орнына жеткізілген. Ал мектеп қабырғасында ауылдың 150 балғыны білім алуда. Емдеу орнындағы жабық жүзу бассейні, баскетбол, стол теннисі, тренажер залдары, мол кітап қоры бар кітапхана бір мезгіл балғындар игілігіне беріледі. Шипагерлер сонымен бірге сан алуан спорт сайыстарын өткізуге, мектеп спортшыларының түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуын өз міндетіне алған. Мектептің дене шынықтыру пәні бойынша ұстазы-жаттықтырушы Бақыт Әбілдиннің айтуынша, оқушылар белгіленген кестеге сәйкес арнайы автобуспен жеткізіліп тұратын болады. Қазіргі кезде жастардың осы бастамаға ынта-ықыласы ауған. Мұның өзі ауыл спортын жетілдіруге, жеткіншектердің бос уақытын мазмұнды өткізуге ықпалын тигізбек. Екі жақты байланыс аясы алдағы күнде кеңейе түспек.