Жасырылған қылмыстар прокуратураның араласуымен қосымша есепке қойылды

ОРАЛ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс прокуратурасы БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде есеп-тіркеу тәртібіне тексеру жүргізген кезде қылмыстық істі қозғаудан негізсіз бас тарту жолымен жасырылған үш бірдей қылмыс қосымша есепке қойылды.
None
None

Прокуратураның баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, департамент инспекторы Р.Досалиев Н.Молғалиевтің арызы бойынша оның атына 81,6 мың теңгенің тұтыну несиесі ресімделгендігі жөнінде қылмыстық іс қозғаудан сот-қолтаңба сараптамасының жүргізілуіне байланысты бас тартқан. Облыс прокуратурасының тексеруі нәтижесінде мәлім болғанындай, банкпен келісімшарт пен басқа құжаттарға Н.Молғалиев емес, өзге адам қол қойған. Бұл қорытынды биылғы маусымның 8-інде Р.Досалиевке берілген. Сөйтіп белгісіз біреулер Н.Молғалиевтің құжатын пайдаланып, оған және банкке материалдық залал келтірген. Соған қарамастан, Р.Досалиев қылмыстық қудалауды жүргізу туралы төрт ай бойы шешім қабылдамай, жәбірленушінің құқығын бұзған.

Осыған ұқсас заңбұзушылық тағы екі материал бойынша анықталған. Облыс прокуратурасы қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулының күшін бұзып, қылмыс есепке қойылып, іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар