Жаттығуды жалпы жоспарлауда қазақстандық тарап айтарлықтай жұмыс атқарды - генерал-полковник Ма Сяо Тянь

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Қазіргі таңда және алдағы жылдары лаңкестік, сепаратизм және экстремизм аймақтағы және әлемдегі ахуалға, тұрақтылыққа әсер етуші күрделі фактор болып қала бермек.
None
None

Олар - біздің ортақ жауларымыз. Олармен күресу және аймақтағы қауіпсіздікті, тұрақтылықты, тыныштықты қорғау - ШЫҰ елдерінің негізгі мақсаты, ұйымға мүше мемлекеттердің ортақ жауапкершілігі болып табылады. Бұл туралы бүгін лаңкестікке қарсы «Бейбіт мақсат-2010» бірлескен әскери жаттығудың ашылу рәсімінде Қытай Халық Республикасы Халық-азаттық армиясының бас штабы бастығының орынбасары, генерал-полковник Ма Сяо Тянь мәлім етті.

Қытай қолбасшысы, алдағы бірлескен жаттығудың міндеттерін сәтті орындау мақсатында қазақстандық, қырғыз, ресей және тәжік тараптарының әскерлері қызу дайындық жүргізгенін атап көрсетті. «Біз жаттығудың жобасы мен жоспарын бір жарым жыл бойы бірлесіп әзірледік. Туындаған проблемаларды бірлесіп зерделеп, бірлесіп шештік, мақсатты дайындықтар жүргіздік. Осының бәрі жаттығуды өткізуге мықты тұғыр болып отыр. Жаттығуды жалпы жоспарлауда, жаттығу өтетін жерді жабдықтауда, тұрмыстық және т.б. мәселелерді шешуде қазақстандық тарап айтарлықтай жұмыс атқарды», деді ол.

«Жаттығу басталды. Жоғары жауынгерлік рухты, білікті жауынгерлік қабілетті көрсете отырып, ШЫҰ елдерінің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы еркін, табандылығын және қуатын паш етелік», - деді Ма Сяо Тянь.

Соңғы жаңалықтар