Жаяу жүргіншіні қағып кеткен әскери бөлімнің сержанты оқиға орнынан ізін суытты

ТАРАЗ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Әскери бөлімнің 25 жастағы нәзік жанды сержанты жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.
None
None

Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

ІІД ЖБО кезекшілік бөліміне Жуалы ауданында Теріс Ащыбұлақ - Сұрым жергілікті маңыздағы жолдың 15 шақырымында белгісіз көлікті тізгіндеген белгісіз біреудің Теріс Ащыбұлақ ауылының тұрғынын қағып кеткені туралы ақпар түсті. 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмған.

ІІД ЖПБ іздестіру бөлімінің қызметкерлері жол полициясының жеке ротасымен бірлесіп бір тәуліктен кейін «Фольксваген Вента» көлігінің жүргізушісін, Жуалы ауданы Сұрым ауылының 25 жастағы тұрғынын, 91678 әскери бөлімінің нәзік жанды қызметкерін құрықтады.

Күдікті кінәсін мойындады. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, деп нақтылады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар
Референдум