19:00, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген полиция қызметкері сотталды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының 29 шілде күнгі үкімімен Орал қаласы ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімінің учаскелік инспекторы А.Серіков ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын қоныс колониясында өтеуге сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Серіков 28 наурыз күні түнде жол жүру ережесін өрескел бұзып, автокөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған дене жарақаттары салдарынан жаяу адам оқиға орнында көз жұмған.
А.Серіков сот залында қамауға алынды.