15:20, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Жайсаң кентінің тұрғыны шекара арқылы үш азаматты алып өтпек болған
АҚТӨБЕ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Мамырдың 31-інен маусымның 1-іне қараған түні Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон полициясының қызметкерлері Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шара барысында Жайсаң кентінің тұрғыны ертіп әкетіп бара жатқан Өзбекстанның үш азаматын ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 47 жастағы жергілікті тұрғын өзінің автокөлігімен азаматтарды Ресейге дейін шығарып салмақшы болған. Өз қызметі үшін ол 6 мың Ресей рублін сұраған. Бұл деректерді ұсталған өзбекстандықтар да растады.Жайсаңдық азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.