Жайық өзенінде 4 адамның қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалуда

АТЫРАУ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Жайық өзенінде 4 адамның қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалуда, деп хабарлады Атырау облыстық көлік прокуроры Болат Қалықов.
None
None

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 295 бабының 3 бөлімімен абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған су көлігінің қозғалыс қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін қозғалуда.

Көлік прокуратурасынан хабарлағандай, бұл ТЖ-да зардап шеккен азамат та бар. Қаза тапқан адамдардың барлығы, соның ішінде су полициясының қызметкері «байда» типті моторлы қайығында болған, ол «казанкамен» соқтығысты. «Казанканың» ішінде болған екі жас адамның бірі қабырғалары сынып облыстық ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала тергеу кезеңінде су полициясының қызметкері сенбіден жексенбіге қараған түні өзенде қызмет бабымен жүрмегені анықталды. Ол жағалаудағы ауылдың үш тұрғынымен бірге (біреуі өзінің туысы болған) Каспий теңізі жағынан оралып келе жатты. «Казанка» болса, керісінше, теңіз жаққа беттеп бара жатты. Заң бойынша, кішкентай қайықтарға түнгі уақытта суда қозғалуына тыйым салынған.

Б.Қалықовтың айтуынша, қазіргі уақытта ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті істің барлық мән-жайларын тергеумен айналысуда. Одан кейін оны құқық қорғау органдары қолға алады.

Соңғы жаңалықтар