Жайық өзенінің ағысы азайып келеді - депутат Е.Тарасенко

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Бүгінде Жайықтың ағысы азайып келеді. Соның салдарынан аталған өзеннің бойымен бізге келетін судың тапшылығы жылына 4,7 текше шақырымға жеткен. Бұл туралы бүгін «Жайық өзені трансшекаралық бассейнінің өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко мәлім етті.
None
None

«Қазір Жайықтың суы тартыла бастады. Өзен бойындағы орман мен жем-шөптер азайды. Балықтың саны күрт төмендеп кетті. Әсіресе, бекіре тұқымдас балықтар жойылуға жақын. Басты мәселе - судың тапшы болуында. Мысалы, 2001-2005 жылдары Жайық өзенінің ағысы 11 пайызға азайса, 2007 жылы - 21 пайызға, ал 2008 жылда ол көрсеткіш 39 пайызға жетті. Ғалымдардың санауы бойынша қазір өзеннің бойында 3100 мыңнан астам тосқауыл бар. Оның барлығы адамның қолымен суды жинақтау мақсатында тұрғызылды», - дейді халық қалаулысы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум