«Жайық Пресс» ЖШС Наурыз мейрамын ұйымшылдықпен атап өтті

ОРАЛ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Он бір аудандық, екі облыстық газеттерді біріктіретін, дербес баспаханасы, ақпарат орталығы бар «Жайық Пресс» ЖШС Наурыз мейрамын ұйымшылдықпен атап өтті.
None
None

Осынау күндері қызметкерлер жұмысқа ұлттық киім киіп келіп, мереке сәнін келтіріп, мән-маңызын арттыруға тырысты. Ал 19 наурыз күні ұжым мүшелерінің басым көпшілігі ұлттық киімдермен ерекшеленді. Олардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар.

Алдымен «Жайық Пресс» ЖШС-ның тыныс-тіршілігі, Наурыздан Наурызға дейін жүріп өткен жолы туралы бейнефильм көрсетілді. Содан кейін мекеменің бас директоры Жантас Сафуллин, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиев ұжымға ізгі тілектерін жеткізді. Биыл облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің жарық көргеніне 95 жыл толмақ. Осыған орай шаралар кешені ұйымдастырылып жатқаны айтылды.

Наурыз мейрамында «Приуралье» газетінің қызметкерлері сәбиді бесік салудан көрініс көрсетсе, әнші-бишілер, домбырашылар да қарап қалмады. Әсіресе, ақпарат орталығының қызметкері Әділғазы Кереев, баспахана директоры Бауыржан Имашев, «Орал өңірі» газетінің тілшісі Ләззат Шағатай өнерлерімен көзге түсті. «Приуралье» газетінің журналисі Галина Самойлова Абайдың «Желсіз түнде жарық айын» қазақ тілінде шырқап берді. Осының өзі елге, тілге деген құрметтің бір белгісі іспеттес болды.

Соңғы жаңалықтар