Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде су қайта бастады

ОРАЛ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде су қайта бастады. Бұл туралы облыс әкімдігінде 17 сәуір күні таңертең өткен жедел кеңесте атап өтілді.
None
None

Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі 700 сантиметрге дейін төмендесе, Жалпақтал маңындағы Қараөзен суы 740 сантиметрге дейін көтерілді. Су жайылмалар мен шабындықтарға шыға бастады.

Синоптиктер болжамы бойынша облыста таяу уақытта жауын-шашын болуы ықтимал.

Су қайтқан жерлерде байланыс пен электр желісін қалпына келтіру жалғасуда. Зеленов және Тасқала аудандары әкімдіктері зардап шеккендерге байланысты акт толтыруды аяқтап, жобалау-сметалық құжатын жасауға кірісті.

Дүйсенбіден бастап су басқан жерлерден көшірілгендердің барлық балалары мектепке бару үшін барынша жағдай жасалуда.

Облыстық тасқынға қарсы күрес штабының 17 сәуір күнгі 16.00-дегі деректері бойынша өңірдегі су деңгейі мынадай болды: Жайық - 692 см (2 см төмендеген), Шаған - 1191 см (4 см түскен), Деркөл - 388 см (7 см төмен), Қараөзеннің Жалпақтал тұсында - 740 см, Қайыңдыда - 940 см (1 см түскен).

Соңғы жаңалықтар
Референдум