Жайықта төрт адамның өмірін қиған қайықтардың соқтығысуына қауіпсіздік техникасын сақтамау себеп болды
С.Құмашевтің айтуынша, «қайықтарда көлемді дабыл қағу жүйелерінің болмауынан экипаждар қараңғыда бір-бірін көре, ести алмады».
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 21 қазан күні түнде «Құрманғазы» балық аулау кооперативіне жақын жерде орын алды. Алдын ала нұсқа бойынша, облыстық ІІД-нің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің «казанка» мотор қайығы салмағы өзінен ауыр қайықпен соқтығысты. Соның салдарынан «казанка» аударылып қалды. Оның ішінде су полициясының қызметкері Мұхтар Нұрғазиев пен полицияға қатысы жоқ үш жас ер адам болды. Суға батып кеткен үш адамның мүрдесін бүгін сүңгуірлер тапты. Қазіргі уақытта төртінші адамды іздеу жалғастырылуда: із-түссіз жоғалып кеткен су полициясының қызметкері табылмады. Іздеу жұмыстарына тоғыз сүңгуір қатысуда.
Түннің ортасында бөгде адамдар мінген полицейлік қайық Жайықта не істеп жүрді? Ең бастысы, қайық немен соқтығысты және суға түскен адамдарға неге көмек көрсетілмеді? Бұл және басқа да сұрақтарға тергеу жауап алмақшы.