Жайықтағы соқтығысу: полицейлердің қайығында бөгде адамдар болды

АТЫРАУ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Жайық өзенінде орын алған төтенше жағдайдың салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі із-түссіз жоғалған. Осы апаттың кейбір мән-жайлары белгілі болды.
None
None

Атырау облыстық ТЖ бойынша департаментінен хабарлағандай, оқиға 21 қазан күні түнде «Құрманғазы» балық аулау кооперативіне жақын жерде орын алды. Алдын ала нұсқа бойынша, облыстық ІІД-нің балық қорларына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің «казанка» мотор қайығы салмағы өзінен ауыр қайықпен соқтығысты. Соның салдарынан «казанка» аударылып қалды. Оның ішінде су полициясының қызметкері Мұхтар Нұрғазиев пен полицияға қатысы жоқ үш жас ер адам болды. Суға батып кеткендердің бірінің мүрдесін бүгін сүңгуірлер тапты: бұл 27 жастағы Азамат Нұрғазиев болып шықты.

Түннің ортасында бөгде адамдар болған полицейлік қайық Жайықта не істеп жүрді? Ең бастысы, қайық немен соқтығысты және суға түскен адамдарға неге көмек көрсетілмеді? Бұл және басқа да сұрақтарға тергеу жауап алмақшы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум