Жайықтың экожүйесін сақтау туралы келісім қыркүйек айында рәсімделуі мүмкін

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы Жайық трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау бойынша үкіметаралық келісімді қыркүйек айында рәсімдеуді ұсынамыз. Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында Орынбор облысының сыртқы байланыстар министрі Виктор Шориков мәлім етті.
None
None

Оның хабарлауынша, бүгінде Қазақстан мен Ресей арасындағы Жайық трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау бойынша үкіметаралық келісімді талқылау жұмысы аяқталып келеді. «Осыған орай, біз ағымдағы жылы қыркүйекте Екатеринбор қаласында екі ел президенттерінің қатысуымен өтетін аймақаралық форумда аталған құжатты рәсімдеуді ұсынамыз. Осыдан кейін үкіметаралық комиссияның толық құрамын жасақтап, желтоқсан айында бірінші отырысты өткізуге болады», - деп атап көрсетті В. Шориков.

Соңғы жаңалықтар