16:44, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Жазасын өтеп келіп есірткі саудасымен айналысқандар қолға түсті
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының жедел топ мүшелері жазасын өтеп келіп, тағы да есірткі саудасымен айналысқан қылмысты топ өкілдерін қолға түсірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс- шара барысында Щучье қаласында күдік тудырған көлікті тоқтатып, тиісті тексеру жүргізу кезінде салонда жасырылған ақ түсті ұнтақ бары анықталған. Зертханалық анықтау барысында оның есірткі екені дәлелденген соң күдіктілер қамауға алынған. Алдын ала белгілі болғандай, тәртіп сақшыларының қолына түскен 1972 жылғы К.есімді және 1968 жылғы Е.есімді жергілікті тұрғындар бұрын да сотталған болып шықты. Олардан 2,4 грамм есірткі заты және АКМ автоматының 15 оғы тәркіленді. Қазір құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жалғастыруда.