Жазасын өтеп жүрген жанға тиісті бақылау жасамаған инспекторға сөгіс берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қазалы аудандық прокуратурасы жұмыс жоспарына сәйкес осы аудандық қылмыстық-атқару инспекциясында ҚР «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» Заңының және Қылмыстық-Атқару кодексі талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп,
None
None

заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Ақтөбе қалалық сотының үкімімен Әйтеке би кентінің тұрғыны Б.Сейтмағанбетовтің жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының есебіне келіп тіркеліп, оған бақылау жүргізу инспектор Н.Оспановқа жүктелген. Ал инспекция тарапынан есепте тұрған Б.Сейтмағанбетовтің 5 рет қылмыс жасауына жол берілген. Ол осыншама рет ұрлыққа барған.

Бұл фактілер бойынша аудандық ішкі істер бөлімімен Б.Сейтмағанбетовке қарсы қозғалған қылмыстық істер біріктіріліп, аудандық сотқа қарау үшін жолданған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-Атқару кодексінің 2-бабының 1 тармағында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылатындығы көрсетілген.

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты аудандық прокуратура аудандық қылмыстық-атқару инспекция бөліміне заңдылықты бұзуды болдырмау туралы ұсыныс енгізіп, нәтижесінде Байқоңыр қалалық ҚАИ-ның аға маманы Н.Оспановқа Қылмыстық Атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығы міндетін атқарушысының бұйрығымен сөгіс жарияланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум