Жазғы маусымда есірткімен күрес полицейлері 7 тоннадан астам марихуананы тәркіледі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Облыстық ІІД «Дельта-Долина» ауданаралық есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері ҚР ІІМ Есірткімен күрес комитетімен бірлесе отырып, ірі көлемдегі есірткі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен Роза Қалдыбекова.
None
None

Сарғау ауылынан 35 шақырымда орналасқан «Сарғау» құмды аймағында өткізілген жедел-ідестіру шарасы барысында Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының 33 жасар тұрғыны жабайы қарасораны дайындау кезінде ұсталды.

Жамбыл облысы ІІД ЕКБ бастығы, полиция полковнигі Нұржан Қалметовтың айтуынша, қаскүнем 680 килә есірткі өнімін дайындап үлгерген. Тексеру барысында күдікті есірткі қылмысы үшін көрші мемлекетте сотты болғандығы анықталды. Ол жиналған 10 қап марихуананы кемінде 800 мың теңгеге сатуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта есірткі дайындаушы уақытша оқшаулау орталығына жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Есірткі өнімдерін сату мақсатымен заңсыз сақтағаны үшін оған дүние-мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

«Көкнәр - 2010» операциясы басынан бері біз 7 тоннадан астам қарасораны тәркіледік, есірткінің заңсыз айналымына байланысты жүзден аса қылмыстар анықталды, оның ішінде есірткіні сату дерегі - 30», - деп мәлімдеді есірткі бизнесімен күрес қызметінің жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар