Жазғы спартакиада ойындарында Алматы облысының ерлер арасындағы ауыр атлеттері үздік шықты

АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қыркүйектің 16-21 күндері Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстн Республикасының ІІІ Жазғы спартакиадасы өтті.
None
None

Бейресми командалық есепте ерлер арасында 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен Алматы облысының командасы үздік шықты. Онда 56 келіде 1-орынды Қарағанды облысынан Владимир Абрамов (232 кг), 2-орынды Алматы облысынан Виталий Хон (225 кг), 3-орынды Қызылорда облысынан Ерболат Жоламанов (220 кг) еншіледі. Мұндай мәртебеге 62 келіде Алматы облысынан Альберт Линдер (279 кг), Ақмола облысынан Нұрлан Сапарғалиев (267 кг), Алматы қаласынан Азамат Рымқұлов (263 кг) қол жеткізді. 69 келіде үздік үштікке Алматы облысынан Игорь Казак (322 кг), Алматы қаласынан Александр Ким (305 кг), Қостанай облысынан Евгений Селезнев (303 кг) енді. 77 келіде 1-3 орынды Алматы қаласынан Кирилл Павлов (352 кг), Қарағанды облысынан Александр Дзюба (340 кг), Оңтүстік Қазақстан облысынан Вячеслав Ершов (335 кг) өзара бөлісті. 85 келіде Шығыс Қазақстан облысынан Владимир Кузнецов (375 кг), Қызылорда облысынан Рүстем Сыбай (347 кг), Қарағанды облысынан Евгений Евстафьев (346 кг) үздіктер көшін бастады. 94 келіде Алматы облысынан Владимир Седов (397 кг), Қызылорда облысынан Александр Зайчиков (378 кг), Оңтүстік Қазақстан облысынан Искандер Маманбеков ( 376 кг) жүлделі орындарды өзара бөлісті. 105 келіде Қызылорда облысынан Илья Ильин (416 кг) мен Алмас Өтешов (400 кг) , Ақмола облысынан Игорь Вашанов (385 кг), ал 105 келіден жоғары салмақта Оңтүстік Қазақстан облысынан Сергей Истомин (416 кг), Шығыс Қазақстан обылысынан Дмитрий Каплин (387 кг), Алматы облысынан Ибрагим Берсанов (386 кг) спартакиада жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар