Жазғы жайлауға шығатын шопандардың негізгі мұқтажы байланыс, көшіп-қонуға тиімді киіз үйлер және жол мәселесі - ауыл әкімі Ә.Байсариев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауыл әкімі жазғы жайлауға шығатын адамдардың негізгі мұқтажы байланыс, көшіп-қонуға тиімді киіз үйлері және жол мәселесі екендігін айтады.
"Бүгін малшыларымыз екі киіз үйге ие болып отыр. Жақында су шығаратын және күн сәулесімен жұмыс істейтін қондырғылар орнатып берген болатын. Мұның арқасында ауылымыздың әл-ауқаты сәлде болса көтеріліп, малшыларымыздың жұмысы жеңілдеді. Жалпы ауылдық округте 12 мың қой, 3 мың ірі қара, мыңға жуық жылқы бар, мал саны жылдан-жылға өсіп келеді." дейді Ә.Байсариев
2785 адам мекен ететін аталмыш ауылды округтің жұртшылығы бұрынғыдай қалаға кетуді баяулатқан. Әркім қолынан келетін ісімен айналысып, ауылының көркеюіне өз үлестерін қосуда. Ауылда жаңадан бой көтерген үйлер мен әр түрлі нысандардың және көптеп жүрген шетелдік автокөліктер ауыл тұрмысының көтеріліп келе жатқандығын аңғартқандай. Өз ауылында еңбек етіп, кәсіптің көзін таба білген Сейіт Екебаев ауылда да жұмыстың көп екендігін айтады.
"Осы ауылда 1980 жылдан бері мал бағумен айналысып келем, істеймін деген адамға ауылда да жұмыс табылады. Қазір көбінде үлкендер болмаса жастар мал шаруашылығымен айналысқысы келмейді. Әйтпесе біздің ауыл қалаға жақын, әрі мал мен егіншілік шаруашылығына өте қолайлы", дейді Сейіт Екебаев.