«Жедел желі» қызметі іске қосылды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының әкімдігі сәуір айынан бастап билік пен бұқара арасында тұрақты байланыс орнату мақсатында «Жедел желі» қызметін іске қосты.
None
None

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала «Жедел желіге» шығатын бөлім басшыларының тізімі жарияланып отырады.

Қала тұрғындары кестеде көрсетілген уақытта телефон арқылы тікелей байланысқа шығып, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелер төңірегінде тиісті орындардың басшыларынан сұрап, білулеріне болады.

Бүгінгі күнге дейін қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің басшылары «Жедел желі» арқылы тұрғындар сауалына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар