12:19, 27 Қараша 2014 | GMT +5
Жеке кәсіпкер балық өсіру тәлімбағы жобасы аясында 15 тонна балық өндірмекші - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында индустрияландыру картасына 2014 жылдың 10 айында аймақтық үйлестіру кеңесімен 2 млрд. 53 млн. теңгенің 6 жобасы мақұлданды.

Бұл туралы Шиелі аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Солардың бірі Жеке кәсіпкер Үміт Бөкенбаеваның жобалық құны 3,6 млн. теңгенің кіші балық өсіру тәлімбағы (питомник) жобасы. Жылдық қуаттылығы 2,5-3 млн. шабақ өсіріп 18-20 тонна балық сату. Қазіргі таңға іске қосылып, 500-600 мың шабақ өсірілуде, 4 адам жұмыспен қамтылды. 2015 жылдың қазан айынан бастап бірінші жылы 10-15 тонна тауарлы балық өндіріледі, сонымен қатар жеке көл иелеріне жыл сайын 400 -500 мың шабақ сатылады. 50 гектар жер құжаттары рәсімделуде. Одан өзге «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасымен балық кластерін дамыту бағытында 3 млн.теңгені грант есебінде конкурстан жеңіп алды.