Жеке қосалқы шаруашылықтарға қажетті деңгейде көңіл бөлудің уақыты келді - А.Күрішбаев

«Заңнаманы күшейтетін және жеке қосалқы шаруашылықтарға қажетті деңгейде көңіл бөлудің уақыты келді. Біздің ойымызша, жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесін, міндеттерін анықтауымыз керек. Соған байланысты экономикалық іс-шаралар жүйесі қажет. Егер олар болмаса, ауыл шаруашылығы кооперациясының нағыз қозғаушы күші кім болады?! Бұл тұрғыда қосалқы шаруашылықтардың рөлі маңыз», - деді жұмыс тобының жетекшісі.
Оның сөзіне қарағанда, жер құны мен сапасын шынайы бағалау - Жер реформасының негізі. Қазіргі таңда әлемдік тәжірибені ескере отырып, жерді бағалау жүйесін жаңарту, ауыл шаруашылығы жерлеріне толықтай тексеру жүргізу және оларды төлқұжатпен қамтамасыз ету қажет.
«Біздің мәліметіміз бойынша бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және шаруа қожалықтарының жартысына жуығында пайдаланылып отырған жерлерде төлқұжаттары жоқ екендігі анықталды. Бұл - үлкен кемшілік»,-деді А. Күрішбаев.