Жеке шаруашылықтардың кооперативтерге бірігуіне кедергілер белгілі болды

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыру барысындағы заңнамалық сипаттағы бірқатар түйткілді мәселеге тоқталсам. Салық кодексіне сәйкес, арнайы салық режімін пайдаланатын заңды тұлғалар кооператив құрамына кірген жағдайда арнайы салық режімін одан ары пайдалану мүмкіншілігін жоғалтады. Өйткені, кооператив арнайы салық режімін пайдаланатын заңды тұлға саналады. Осыған орай аталған кедергіні жою мақсатында Салық кодексінің 448 бабы 3 тармағын кооперативтер үшін алып тастау ұсынылады», - деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперативтерге бірігуіне кедергі болатын тағы бір фактор - ауыл шаруашылығы малдарының шығарындыларына экологиялық эмиссия төлеу бойынша кооперативтердің міндеттемесі болып отыр. Ал жеке қосалқы шаруашылықтары үшін мұндай төлем көзделмеген.
«Министрлік тарабынан (Ауыл шаруашылығы министрі) Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп жатқан Салық кодексіне қосымшалар енгізу туралы заң жобасына аталған мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізілді», - деп атап өтті Қ.Айтуғанов.