12:37, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
Жеке және заңды тұлғаларға 78,8 млрд. теңгенің несиесі берілді - «Темір банк»
АЛМАТЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - «Темір банк» 2012 жылы жеке және заңды тұлғаларға 78,8 млрд. теңгенің несиесін берді.

Бұл туралы Басқарма төрағасы Мұрат Байсынов бүгін банктің 2012 жылғы қызметінің қаржылық қорытындысына арналған баспасөз мәлихатында мәлім етті.
«Бұл 2010 жылғы қайта құрылымдаудан кейінгі ең табысты жыл болды. Таза табыс Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша 3,5 млрд. теңгені құрады. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге жоғары. Ал меншікті капитал 6 пайыз, актив 12,2 пайыз, несие қоржыны 13,4 пайыз, клиенттер қаражаты 13,9 пайыз өсті», - дейді М. Байсынов. Оның айтуынша, қаржы институты өз клиенттеріне 78,8 млрд. теңге несие беріп, несие қоржынын 283,5 млрд. теңгеге жеткізген. Ал былтыр несиенің 43,5 млрд. теңгесі заңды тұлғаларға, ал 35,3 млрд. теңгесі жеке тұлғаларға берілді.