Жекелеген елдердегі саяси процестерді сырттан қамшылау абырой әпермейді - Елбасы

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Жекелеген елдердегі саяси процестерді сырттан қамшылау абырой әпермейді. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Бүгінде әлемдік сәулет үлкен қозғалысқа келді. Менің көзқарасымша, кейде жаһандық жағдайда асыра сілтеушілікке бой алдыратын көптеген бағалаулар айтылуда. Егерде тарихты байыппен оқысаңыз, онда әлемнің ешқашанда да қарапайым болмағандығын көруге болады. Менің көзқарасымша, қазіргі жағдайдың ерекшелігі адамзаттың жаңа сапалық күйге ауысуында. Бұл ауысудың мәні  - ақпараттық қоғамдағы жалпығаламшарлық шынайылықтың кеңеюінде. Ақпараттық технологиялар және мүмкіншіліктер іс жүзінде барлық елдерді прогреске жеткізеді», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, сыртқы күштердің әсерімен  жекелеген мемлекеттердің дайындықсыз саяси өзгерістер жасап, жаңғыртуға жеткізетін әдістерді қолдануы жеміссіз болады. Бұны тарихтың өзі соңғы жылдары дәлелдеп отыр.

«Бұл жағдайда көрнекті дипломаттардың бірінің «найзаға сүйенуге болады, бірақ оған отыруға болмайды», - деген ақылды сөзі ұмыт қалады. Бұны Талейран айтқан. Сондықтан да, бұндай саяси тәжірибенің 21-ші ғасыр үшін келешегі жоқ деп санаймын», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар