Жекешелендіру бағдарламасы Астанадағы Халықаралық қаржы орталығын дамытумен қатар жүзеге асырылады - К.Мәсімов (ФОТО)

«Соңғы 20 жылда Қазақстан Президентіміздің басшылығымен «қиын күндерде» қолдау көрсетудің қосымша 2 көзін құра алды. Ол Ұлттық мұнай қоры, біз оны таяу уақытта кәдеге жарата қоймаймыз. Біз оның бір бөлшегін «Нұрлы жол» жобасын дамыту үшін ғана пайдаланамыз. Мұнан әрі біз Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істейміз. Бұл бізде қорды болашақта қалай пайдалану керектігі жайындағы нақты көзқарас болу үшін жасалуда. «Самұрық-Қазына» қорына қатысты айтар болсам, жаңғырту жоспарына сәйкес, жекешелендіудің ауқымды бағдарламасы болжануда және біз мұны Астанадағы халықаралық қаржы орталығын дамытумен, ХҚО тұғырнамасында ІРО, ЭКСПО өткізумен қатар жасайтын боламыз», - деді ҚР Үкімет басшысы.
Айта кетейік, Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясы жұмысына Орталық Азия, Кавказ елдерінің, Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестеріміз - Ресей мен Беларусьтың Үкімет өкілдері, сонымен қатар Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагард қатысты.