Жекешелендіру және мемлекет иелігінен шығару жандандырылады - Б.Сұлтанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекешелендіру және мемлекет иелігінен шығару жандандырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
None
None

«Жекешелендіру және мемлекет иелігінен шығару жандандырылатын болады. Біріншіден, барлық техникалық кедергілер мен проблемаларды алып тастайтын жаңа заңнамалық түзетулер әзірленіп, қазіргі уақытта енгізілді», - деді Б.Сұлтанов.

Оның айтуынша, екіншіден, Қаржы министрлігі халықаралық консультанттардың көмегімен қайта сату дайындығын жүргізеді. Онда сатудың үздік әдісі таңдап алынып, жаңғыртылады.

«Үшіншіден, біз ашықтық пен ақпараттық қолдаудың жаңа тетіктерін қолданамыз. Әрбір қадам жайында халық біліп отыруы үшін «ТОП-65»-ке біз «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» жаңа заңды қолданамыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар