Жекешелендірудің «екінші толқынының» нәтижесі қандай болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жекешелендіру дегеніміз қайсыбір өндірісті мемлекеттік-директивалық реттеуден нарықтық тетіктердің негізінде мемлекеттің иелігінен алу үдерісінің бір бөлігі.
None
None

1991 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясында жеке меншік құқығы деген ұғым алғаш рет жазылды. Сол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жекешелендіру және мемлекеттің иелігінен алу жөніндегі алғашқы шаралар қабылданып, жүзеге аса бастады. Оның негізгі мақсаты мемлекеттік меншікті басқа нысандарға ауыстыру, яғни нарықтық экономикаға өту үшін басты жағдайлар жасауды көздейтін.

Ел басшылығы нарықтық экономикаға мейлінше өту бағытында жекешелендірудің бірінші толқынын 90-шы жылдары жүргізді. Бірақ соған қарамастан, кәсіпорындардың белгілі бір саны мемлекеттік меншікте қалды. Оған қоса, көптеген компаниялар, зауыттар және даму институттары жекешелендірудің бірінші толқынынан кейін құрыла бастады. Бұл мемлекеттік активтердің бір бөлігі кезінде «Самұрық-Қазына»  мемлекеттік холдингіне тапсырылды. Бұл шара - олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін жасалған болатын.

Жекешелендірудің ендігі толқыны нарықтық экономиканың негіздерін мызғымастай ету мақсатында жүргізілуде. Бұл бағдарламаның негізгі идеясы - қазақстандықтардың жеке бизнесінің одан әрі дамуына серпін беру.

2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 629 объекті жоспарланған. 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 578 объекті шығарылды.

Жекешелендірудің кешенді жоспары негізінде 2014 жылдың маусымынан 2017 жылдың аралығында республика бойынша 394 объект сатылды. Оның ішінде 25 республикалық, 201 коммуналдық меншік объектісі, 71 ұлттық холдингтердің объектілері, 97 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың объектілері бар. Жекешелендірудің «екінші толқының» іске асырунәтижесінде сату сомасы 105,7 млрд.теңгені құрады.

Бұл ретте, сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 8,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттерге - 16,9 млрд. теңге, Холдингтерге - 73,6 млрд. теңге, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға - 6,8 млрд. теңге түсті.

Спикердің айтуынша, 2016 жылы жекешелендірудің жылдамдығы өсті. 2015 жылмен салыстырғанда артық 40 объекті сатылды. Осылайша 2014 жылдан бастап, сатуға жоспарланған 629 объектінің 578-і іс жүзінде саудаға шығарылды.

Сатылған 394 объектінің 167-ін жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер сатып алса, 136 объектіні заңды тұлғалар мен инвесторлар иеленді. Енді әр тараптағы сандар жөнінде нақтырақ тоқталып, өтсек:

Республикалық меншік бойынша2014 - 2016 жылдары  сатуға 35 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша сауда-саттыққа 35 объекті шығарылды, оның ішінде 25 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша 2014 - 2016 жылдары  308 объекті жекешелендіруге жоспарланды. Іс жүзінде 1 қаңтардағы жағдай бойынша 291 объекті саудаға шығарылды, оның ішінде 201 объектісі сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша2014 - 2016 жылдары 138 объекті жекешелендіруге жоспарланды. Іс жүзінде 121 объекті сатуға қойылды, оның 97-сі сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша сатуға жоспарланған 148 объектінің 131 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 71 объекті сатылды.

 

Соңғы жаңалықтар