Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері екі азаматты есірткімен ұстады

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері еліміздің екі азаматын ұстады, олардан «марихуана» есірткісі тәркіленді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі орталық ішкі істер департаменті тіл саясаты және ақпарат бөліміне сілтеме жасап.Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің «Көкнәр-2009» аясындағы шұғыл-алдын-алу іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау стансысындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Макинка бекетінде Ақмола облысы Макинка қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Қолға түскен азаматтың күртешесін жеке тексеру кезінде салмағы алты грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткісі салынған полиэтилен қалтасын тапты және тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар