Жемқорлықпен азаматтардың кірісі мен шығыстарын жалпы жариялау арқылы күресуге болады - Салық төлеушілер қауымдастығы
Бұл туралы бүгін Астанада салық органдары қызметінің сапасына байланысты өткен дөңгелек үстел барысында журналистер сауалына жауап беру кезінде Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрайымы Жанат Ертілесова мәлім етті.
«Табыстарды жалпыға жариялауды іске асыру бірнеше кезеңдерге негізделген еді. Атап айтқанда, Қаржы министрлігі бұл бағыттағы әдістемені әзірлеуге үлгермей жатыр, сондықтан да осы шаралар бойынша қалыс келе жатырмыз»,- деді төрайым.
Оның пайымдауынша, бұл шаралар айтарықтай жеңіл емес. Себебі, табыстарды шығыстармен салыстыру және басқа қа осы тектес жүйелерді сәйкестендіру өте қиын жұмыс болып табылады.
«Қаржы министрлігі бұл тұрғыда артта келе жатыр. Сондықтан олар жалпы жариялауды енгізудің белгіленген мерзіміне үлгермеуі мүмкін. Алайда, жалпы жариялаусыз жемқорлықты жеңу мүмкін емес. Себебі, ешбір әкімшілік шаралармен, жарлықтармен, заңдармен осы проблеманы шешу екіталай. Жемқорлықпен күрес тұрғысында ең тиімді тетіктердің бірі - ол азаматтардың кірісі мен шығыстарын жалпы ресми жариялау болып табылады»,-деп түйіндеді Ж. Ертілесова.