Женевада Қазақстанды ДСҰ-ның 162-ші мүшесі ретінде қошеметтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Женева қаласында 30 қарашада Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда ұйымға мүше елдер Қазақстан Республикасын ДСҰ-ның 162-ші толыққанды мүшесі ретінде қошеметтеді.
None
None

2015 жылы 27 шілдеде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымын бекіту туралы Марракеш келісіміне Қазақстанның қосылуы хаттамасына қол қойғаны белгілі.

Бұл кезеңде Қазақстан ДСҰ-ға кіру бойынша құжаттар пакетін ратификациялап, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында тиісті шешімдер қабылданды. 2015 жылғы есебінде ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо атап өткендей, Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуынан алынған басты сабақ - Елбасы көрсеткен қуатты саяси еріктің өлшеусіз рөлі және келіссөздер жүргізу үдерісінің қорытындысына қатысуы болды. ДСҰ бас директоры тұрақты экономикалық өсім мен даму үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізілген ішкі реформалардың маңыздылығын атап өтті. Есепке сәйкес, Қазақстанның ұйымға қосылуы бойынша жүргізілген келіссөздер ұйым тарихындағы ең күрделісі болды. Хатшылық пен ДСҰ-на мүше мемлекеттер Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы бойынша келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген келісімдердің сапалы екенін атап өтті. «Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды кезең болып саналады және ол біздің елімізді толыққұқылы сауда серіктесі ретінде тануды білдіреді. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі біздің еліміздің экспортшыларына, сонымен қатар экономикамыздың негізгі секторларына келетін инвестор елдер үшін де зор мүмкіншілік береді», - деді Елбасы бүгін Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында.

Соңғы жаңалықтар